22.04.2008, 15:09 1328

Шығыс Қазақстан облысында биліктің тапсырмасымен жұмыс істемей тұрған демеуші өрт сөндіру бөлімшелері қайта іске қосыла бастады

Шығыс Қазақстан облысында биліктің тапсырмасымен жұмыс істемей тұрған демеуші өрт сөндіру бөлімшелері қайта іске қосыла бастады

Семей. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында биліктің тапсырмасымен жұмыс істемей тұрған демеуші өрт сөндіру бөлімшелері қайта іске қосыла бастады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық өртке қарсы күрес қызметі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов қалалар мен аудандардың әкімдеріне жұмыс істемей тұрған өрт сөндіру бөлімшелерін қайта іске қосу және оларды ұстауға қаржы-қаражат іздеп табуға тапсырма берілді. Қазір Зайсан ауданында үш бөлімше мен өрт сөндіру техникасын жөндеуге 600 мың теңге, Қатон-Қарағай ауданындағы 4 бөлімшеге 1 млн теңге бөлінген. Глубоковское ауданы, Секисов ауылдық округінде үш шаруа қожалығының үлесі есебінен демеуші өрт сөндіру бөлімшесі салына бастады", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Департаменттің түсіндіруінше, ауылдардағы өрт сөндіру бөлімшелері апаттан құтқару құрамына жатады, олар мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің күштері келіп жеткенше өрт сөндіруге үлкен көмегін тигізеді. "Өрт сөндіруші демеу бөлімшелердің жұмысын қайта жаңғырту шалғай елдімекендерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шыққан өрттерді жедел сөндіруге, соған сәйкес өрттерден келетін шығындарды азайтуға септігін тигізеді", -дейді департаменттегілер.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, таяу уақыттарда облыстағы демеуші өрт сөндіру бөлімшелерінің басым бөлігі қайта жұмыс істей бастайды. "Қаржы тапшылығына байланысты үш жыл бұрын 43 өрт сөндіруші демеу бөлімдері өз жұмысын тоқтатқан. Ал өрттер шыққан кезде осы мекемелердің қызметкерлері тілсіз жаумен күресушілерге өлшеусіз көмек көрсетіп келген", -дейді департаменттегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны