15.03.2007, 11:19 3316

Шығыс Қазақстан облысында білім беру мекемелерін қызметіне тексеру басталды

СЕМЕЙ. 15 наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында білім беру мекемелерінің қызметін кешенді тексеру шарасы басталды. Бұл туралы кеше Семейдің білім беру жүйесі басшалырымен болған кездесуде ҚР ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі басқармасының бастығы, облыстың тәртіп кеңесінің төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов хабарлады.

Т.Жұмағұловтың айтуынша кешенді тексеру білім беру жүйесінің сапасын жақсарту мақсатымен жүргізіліп жатыр. "Басты мәселе - білім саласының қызметкерлері халыққа мемлекеттік қызметтерді қаншалықты сапалы ұсынуда және ар-намыс, абырой кодексін сақтап отыр ма дегенді тексеру болып отыр",-дейді ол

ШҚО білім департаментінің қызметі, қала, аудандардағы білім беру бөлімшелері мен білім беру мекемелерінің барлығы тексерілетін болады. "Айта кетейін, біз департаменттің, аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін тыңғылықты түрде тексермекпіз. Ал анықталған барлық заң бұзушылық деректері облыстың тәртіп кеңесінің мәжілісінде қаралады",-деп атап өтті Т.Жұмағұлов.

Ол білім беру мекемелерінің жетекшілерін атқарылмақшы жұмысқа белсенді түрде

қатысуға, оған ата-аналар мен қоғамды да жұмылдыруға шақырды. "Біз бұл саланың ең әлсіз жерлерін анықтағымыз келеді",-деді ол.

Ол әсіресе мектептердегі алым жинау мәселесіне назар аудартты. "Сенім телефонына ата-аналар жиі қоңырыу шалып, мектептің түрлі қажеттіліктері үшін үнемі ақша жиналатындығы туралы хабарлайды. Оқушының барлығы бірдей емес, сондықтан әркімнің жағдайына қарай ақша талап еткен жөн. Егер сіздерде қамқоршылар кеңес бар болса, бұл жұмыстар тек заңды түрде ғана жүруі тиіс,-деді Т.Жұмағұлов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны