02.09.2016, 13:28 3384

Шығыс Қазақстан облысында Білім күні 664 жалпы білім беретін мектеп есіктерін айқара ашты

Шығыс Қазақстанда 180 мыӊ оқушы білім алады. Өткен жылмен салыстырғанда олардыӊ саны алты жарым мыӊға көбейді.

Өскемен. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында 23 мыӊ оқушы бірінші сыныпқа барды. Жаӊа оқу жылында бірінші сынып оқушыларыныӊ саны төрт пайызға көбейіп, түлектер санынынан екі есе артты.

Шығыс Қазақстанда 180 мыӊ оқушы білім алады. Өткен жылмен салыстырғанда олардыӊ саны алты жарым мыӊға көбейді, деп хабарлады ақпараттық орталық.

"Білім күні 664 жалпы білім беретін мектеп есіктерін айқара ашты. Жақын арада білім беру ошақтарыныӊ қатарына Курчатовтағы 600 орынды білім ордасы қосылады. Үш ауысымды білім беруді жою үшін мекеме салынуда", - делінген хабарламада.

ШҚО-ныӊ 800 мектепке дейінгі мекемесі балаларды қабылдауға дайын. Мектепке дейінгі білім берумен қамту 99 пайызды құрады. Жыл соӊына дейін тағы 29 балабақшаны ашу қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны