04.07.2006, 16:52 3428

Шығыс Қазақстан облысында бюджеттен бөлінген қаражатқа қымыз өндіретін цех ашылды

СЕМЕЙ . 4-шілде. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Саржал ауылында қымыз өндіретін цех ашылды , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Цех бастығы Бауыржан Иманғалиевтың ақпаратына сәйкес, цех ашуға жұмсалған 5 млн. тенге облыстық бюджеттен бөлінген.

Бұл жылқы шаруашылығымен атағы шыққан аудандағы алғашқы қымыз цехы. Мекеме бастығының айтуынша, бүгінгі таңда Абай ауданда 5 мыңға жуық жылқы басы бар.

Цехтағы жабдықтардың барлығы Ресейде жасалған. Қуаттылығы күніне 2 тонна қымыз өндіруге мүмкіндік береді. Мұнда 15 адам жұмыс істейді.

Келесі жылдан бастап оқушыларды цехта тәжірибеден өткізу жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны