13.03.2007, 14:02 3418

Шығыс Қазақстан облысында екі жыл ішінде салынған тұрғын үйдің үштен бір бөлігіне жуығы заңды дөрекі бұзу арқылы бөлінген - прокуратура

ӨСКЕМЕН. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында соңғы екі жыл ішінде салынған тұрғын үйдің үштен бір бөлігіне жуығы заңды дөрекі бұзу арқылы бөлінген. Бұл туралы кеше Шығыс Қазақстан облысының прокуратура алқасының отырысында мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"192 пәтер бойынша арзандатылған бағамен ипотекалық тұрғын үй алған адамдары көшіруге негіз бар",- деді алқа отырысында сөз алған Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мемлекеттік органдардың іс-қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Талғат Қайдаров.

Оның сөздеріне сүйенсек, заң бұзушылықтарға мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде жол берілгендігі анықталған. Тұрған үйлерді салушы мердігерлік ұйымдарды таңдау бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында, сонымен қатар үйлерді пайдаға беру барысында заң бұзушылықтарғка жол беріліп, құрылыс сапасына тиісті бақылау қоймау дерегі анықталған.

Қазіргі уақытта, Т. Қайдаровтың сөздеріне сүйенсек, облыс прокурорының қаулысы бойынша 11 құрылыс-экономикалық сот сараптамасы өткізілуде, олардың 7-і Семейде, 4-і - Өскеменде.

"Аумақтық жергілікті атқару органдарының іс-қызметінде дөрекі заң бұзушылықтар анықталған. Мысалы, Аягөз қаласының әкімшілігінде, мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы аясында 2006 жылы аудан әкімшілігінің есебіне қойылмаған, сондай-ақ құжаттары жылжымайтын мүлік орталығында рәсімделмеген 12 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілген",- деді Т. Қайдаров. Сонымен қатар, оның сөздеріне сүйенсек, осы үйдегі пәтерлерді бөлуде тұрғын үй заңының талаптары дөрекі бұзылған.

Өскемен мен Семейде де пәтерлерді бөлу барысында осы тектес деректердің орын алғандығы анықталып отыр. Тұрғын үйлер пәтерлері бар, тұрғын үй ахуалын жақсартуға мұқтаж емес немесе тіптен басымдық берілген санатқа жатпайтын адамдарға бөлінген.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 2005 - 2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысының аумағында 23 ипотекалық үй, сонымен қатар, 2005 жылы - Өскемен және Семей қалаларында бір-бірден халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған бөлігіне арналған коммуналдық тұрғын үй, 2006 жылы - облыс қалаларында сегіз үй салынған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны