20.05.2008, 18:48 2920

Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық маусым басталғалы 1,5 мың адам кене шағудан зардап шеккен

Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық маусым басталғалы 1,5 мың адам кене шағудан зардап шеккен

Семей. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық маусым басталғалы 1,5 мың адам кене шағудан зардап шеккен. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

"26 наурыз бен 14 мамыр аралығында кене шағуы себепті облыстың емдеу-профилактикалық мекемелеріне медициналық жәрдем сұрап 1645 адам келген. Олардың 575-і 14 жасқа дейінгі балалар", - деп хабарлады департамент. 2007 жылы осындай уақытта зардап шеккен 1344 адам тіркелген. Оның ішінде 393 бала болған.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің ақпаратына сүйенсек, 1044 адам (63%) профилактикалық мақсатпен иммуноглобулин алған. Оның ішінде 454 бала (79 %) 14 жасқа толмаған. Қалғандары медициналық көмекке кеш жүгінгендіктен күкіртті профилактиканың қажеті болмаған.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаменті 2008 жылдың эпидемиологиялық маусымда зерханалық түрде дәлелденген кене энцефалиті тіркелмегендігін хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, кене энцефалитіне профилактика жасау мақсатында қауіпті аумақтарда жазғы демалыс орындары мен сауықтыру орындары бар ұйымдар демалыс аймақтарын тазалаған. Кенеге қарсы бөгеттер тұрғызылған, ескерту тақтайшалары ілінген.

Сонымен бірге, "Індетпен күрес" бюджеттік бағдарламасы бойынша 196 гектар аумақта ауру тудыратын жерлер кенеге қарсы өңделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны