10.12.2008, 17:10 3046

Шығыс Қазақстан облысында Ертіс химиялық -металлургиялық зауытының 13 жұмысшысы мерзімсіз аштық жариялады

Шығыс Қазақстан облысында Ертіс химиялық -металлургиялық зауытының 13 жұмысшысы мерзімсіз аштық жариялады

Алматы. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында Первомайское ауылындағы Ертіс химиялық -металлургиялық зауытының 13 жұмысшысы мерзімсіз аштық жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ереуіл комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Зауыт жұмысшылары осы жылдың қыркүйек айында зауыттың жабылуы мен бірнеше ай бойы жалақы төленбеуіне байланысты митингілер мен наразылық шараларын өткізген. Енді биліктің берген барлық уәдесі өтірік алдауға айналған қазіргі кезде ереуіл комитетінің белсенділері аштық жариялап отыр", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны