08.01.2007, 19:10 3289

Шығыс Қазақстан облысында гепатит вирусымен науқастанудың жыл сайынғы мониторингі жүргізіледі - мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметі

СЕМЕЙ. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында А гепатитінің вирусына қатысты ахуалды жедел басқару мақсатында жыл сайынғы мониторинг жүргізіледі. Бұл туралы журналистерге Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бастығы Валерий Якупов хабарлады.

Сонымен қатар, ол облыс аудандары мен қалаларында індетке қарсы жүргізілетін іс-шаралардың жедел жоспары жасалғанын хабарлады. Індетке қарсы алғашқы іс-шаралар індет ошағында толық көлемде жүргізіледі.

В. Якуповтың мәліметтеріне сүйенсек, облыс бойынша вирусты гепатитпен ауырғандар саны 100 мың адамға шаққанда 1,74 құрайды. Сонымен қатар, ол Шығыс Қазақстан облысы бойынша науқастану деңгейі жалпы республика бойынша алғанда 4,5 есе аз екендігін хабарлады. Облыста А түріндегі гепатит вирусы Семей, Өскемен қалаларында, сонымен қатар Глубоковское және Тарбағатай аудандарында тіркелген.

Жоғарғы көрсеткіш Семей өңірінде байқалып отыр. Ауырғандар арасында 12 бала бар , оның 9-ы мектеп жасындағы балалар. "Науқастану қаланың алты мектебінде, бір-біріне қатыссыз әртүрлі сыныптарда тіркелген. Бір отбасынан вирустың ошағы табылған, бұл індетті ағайынды апалы-сіңілілі екі қыз жұқтырған. Ол қала сыртындағы бұлақтан су ішуге байланысты болған",- деді В. Якупов. Анықталған барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны