17.07.2008, 12:19 1436

Шығыс Қазақстан облысында халықаралық дәрежедегі балалар мен жасөспірімдер лагері салынбақ

Шығыс Қазақстан облысында халықаралық дәрежедегі балалар мен жасөспірімдер лагері салынбақ

Өскемен. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында халықаралық дәрежедегі балалар мен жасөспірімдер лагері салынатын болады. Бұл туралы баспасөз мәслихатының барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Иділғазы Бергенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Облыста бірқатар білім беру және денсаулық сақтау нысандары бой көтереді деп жоспарланған. Болашақта мұнда Аюда тауынының жанында Бұқтырма жағасында балалар жыл он екі ай бола алатын 600 орынға арналған халықаралық дәрежедегі балалар мен жасөспірімдердің лагері пайда болады", - деді И. Бергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны