13.12.2006, 13:45 3119

Шығыс Қазақстан облысында иесіз өндірістік қалдықтардың санағы жүргізілді

ӨСКЕМЕН. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында иесіз өндірістік қалдықтардың санағы жүргізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Экологиялық қызмет көрсету" ЖШС облыстық филиалынан хабарлайды.

"Жұмыстың ерекшелігі, ол облыста бірінші рет өтуде. Санақ тау-кен өндірісінің өдірістік қалдықтары туралы қор және мұрағаттық ақпараттарды жинау, қауіпті тарихи ластану көздерін анықтау және өндірістік қалдықтар бойынша ақпараттар қорын құрумен қорытындыланады", - дейді филиалдың жетекші маманы Виталий Чудновец. Бұл жерде әңгіме "көп жылдан бері үлкен көлемде жиналып қалған үйінділер, қалдықтар қоймалары, карьерлер, тастанды шахталар туралы болып отыр. Олардың көбі қазіргі уақытта иесіз болып қалған", деп түсіндірді ол.

Облыстың алты ауданында барлығы 93 нысан тексеріліп, 57 нысанның өндірістік қалдықтары туралы ақпараттық мәліметтер қоры құрылды. Жұмысқа тапсырыс беруші - ШҚО табиғатты пайдалануды реттеу және табиғи ресурстар департаментіне табиғи экологиялық жүйенің ластануын төмендету туралы ұсыныстар берілді.

Мамандардың қорытындысы бойынша өңірдегі қараусыз қалған техногендік нысандар су қоймаларына тасталатын ауыр металдардың басым бөлігін құрап отыр. Солардың арасында ең қатерлі ластаушы көздерге Талвоский, Сугатовский, Греховский, Снегиревский карьерлері мен Стрежанск штольнясының дренажды сулары болып табылады.

"Кейбір тарихи өндірістік алаңдарда қазіргі уақытта жұмыс істейтін кәсіпорындар да бар. Дегенмен, бұлар бүгінгі күні тастанды нысандар болса да, кәсіпорындар оған қызығушылық танытуда. Бірнеше ондаған жылдар бұрын кен өндіру технологиясы қазіргі уақыттағыдай жетілген емес еді. Қазір оларды пайдалы бөліктерін шығарып алу үшін қолдануға болады",- дейді В.Чудновец.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны