18.09.2007, 18:58 3732

Шығыс Қазақстан облысында ирландиялық қайырымдылық қорының қаржысына мүгедек балаларға арналған интернаттың жаңа ғимараты салынды

Шығыс Қазақстан облысында ирландиялық қайырымдылық қорының қаржысына мүгедек балаларға арналған интернаттың жаңа ғимараты салынды

Семей. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Аягөзде (Шығыс Қазақстан облысы) ирландиялық қайырымдылық қорының қаржысына мүгедек балаларға арналған интернаттың жаңа ғимараты салынды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семей әкімшілігінің жанындағы сыртқы байланыс бөлімінің меңгерушісі Жанна Жыбраева.

Жанна Жыбраеваның айтуынша, оқуда қиналатын балаларға арналған интернат үйі балалар бақшасының ғимаратында орналасқан, ол бірнеше жыл бұрын жеке тұлғаға жекешелендірілген болатын. Осыған байланысты балалар бұрынғы жүн иіру фабрикасының ескі ғимаратына көшірілген.

Өткен жылы Аягөзде "Дело большее, чем Чернобыль" атты ирландиялық қайрымдылық қорының өкілдері болып қайтқан. "Мүгедек балалар тұрып жатқан жағдайды көрген қордың директоры Фиона Коркоран интернаттың жаңа ғимаратын салуға 500 мың АҚШ долларыннан астам қаржы бөлу туралы шешім қабылдаған",- деді Жанна Жыбраева.

Оның айтуынша, жаңа ғимарат 35 орынға арналған және әлемдік стандартқа сай салынған, онда үлкен ұйықтайтын бөлмелер, жаңа жабдықтары бар асханасы, балалардың демалуына арналған залдары бар. Сонымен қатар, жақын арада ғимараттың жертөлесін шеберхана мен спорт залдарын жабдықтау жоспарлануда, деп қосты Жанна Жыбраева.

Қор сондай-ақ интернат үйінің 40 орынды ескі ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізуді де қаржыландырға. Сөйтіп, енді арнаулы балалар мекемесі екі корпустан тұрады.
"Дело большее, чем Чернобыль" ирландиялық қоры Семейде 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Оның өкілдері балалар интернатына, қарттар үйіне, сондай-ақ Семей қалалық ауруханаларына құрал-жабдықпен, техникамен және қаржылай көмек көрсетеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны