25.12.2009, 15:32 2886

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіндері түседі деп күтілуде

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіндері түседі деп күтілуде

Семей. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағында қар көшкіндері түсуі мүмкін екендігін ескертеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қар қабатының тұрақсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы тауларда 2009 жылдың 25-27 желтоқсаны күндері қар көшкіні түседі деп күтілуде".

Осыған байланысты "қар көшкіндерінің түсуіне себепкер болмау үшін қарлы тау баурайларына бармауға нұқсау берілуде", - делінген хабарламада.

Департаменттегілердің хабарлауынша, апаттан құтқару қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны