20.10.2009, 18:11 3085

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, қатқақ болады деп күтілуде - ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, қатқақ болады деп күтілуде - ТЖД

Семей. 20 қазан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, қатқақ болады деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "22 - 23 қазанда Шығыс Қазақстан облысының аумағында жаңбырдың соңы қарға ұласып, қатқақ болады деп күтілуде, кей жерлерде қарлы боран соғады, желдің жылдамдығы секундына 17 - 22 метрге дейін күшейеді, ауаның температурасы түнде минус 7 градус, күндіз - плюс 5 градус болмақ".

Күн райы нашарлайды деп күтілуге байланысты Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы тұрғындардан елдімекендердің аумағынан шығуды шектеуді сұрады.

Департаменттің ақпаратына сәйкес, апаттан құтқару қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібінде жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны