30.07.2008, 16:47 3163

Шығыс Қазақстан облысында қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын қабылдаумен айналысатын заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселесі қаралуда

Шығыс Қазақстан облысында қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын қабылдаумен айналысатын заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру мәселесі қаралуда

Семей. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында қара және түсті металл қалдықтары мен сынықтарын жинау, сақтау, қабылдау, өңдеу және сатумен айналысатын заңды тұлғалардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөніндегі" меморандумға қол қою мәселесі қаралуда. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Облыстағы осындай кәсіппен шұғылданатын 14 кәсіпорынның жетекшісі облыстық әкімдіктің меморандумға қол қою жөніндегі бастамасын қолдады. Оның мақсаты жергілікті атқарушы билік органдары мен кәсіпкерлердің күшін біріктіре отырып, қара және түсті металл сынықтарын жинау нарығындағы қылмыстық ахуалды төмендету және стратегиялық маңызы бар мүлікті ұрлаудың жолын кесу болып табылады", - деп хабарлайды әкімдіктегілер.

"Осындай мақсатқа қол жеткізу үшін лицензия иелері кәріз жүйесі люктерінің қақпақтарын, байланыс желісінің кабельдерін, шойын секциялар, қоршаулар, жол шойындары, темір жолдың элементтері мен жылжымалы құрам бөлшектерін пайдалануға қабылдаудан бас тартуға міндеттеме жүктеп алды, бұл ұрланған заттарды сату нарығына шығу жолын жабуға септігін тигізеді", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны