02.07.2009, 17:34 3927

Шығыс Қазақстан облысында картоп өндірісінің азайюы қалалардағы картоп тапшылығына алып келді

Шығыс Қазақстан облысында картоп өндірісінің азайюы қалалардағы картоп тапшылығына алып келді

Өскемен. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында картоп өндірісінің азайюы қалалардағы картоп тапшылығына алып келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен "Приречное" агрофирмасында "Шығыс Қазақстанның жағдайындағы перспективалы картоп өсірудің жайы" атты семинар-кеңес өтті.

Бұған дейін өңір басшысы қырыққабат, картоп, жүгері, пияз, көпжылдық өсімдіктер алқаптарын аралап, өсімдік өсірушілердің жұмысына жоғары баға берген, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, топырақтың төмен бонитетіне қарамастан - бар болғаны 12-13 бал, "Приречное" агрофирмасы голландық технология бойынша картоп пен көкөністерді өсіріп келеді, сондай-ақ, оның 1,2,3 репродукциялы картоп өндіретін тұқым өсіру шаруашылығының мәртебесі бар.

Жалпы таяу уақытқа дейін Шығыс Қазақстан картоп өсірумен белсенді түрде араласып келген. Бұл кезде белгілі жетістіктерге қол жетіп, элиталы тұқым өсірумен және шаруашылық ішілік тұқым өсірумен айналысуға болатын. Картоп өсіру алқаптары 27 мың гектарға дейін жеткен еді. Алайда соңғы уақытта бұл позициялардан қол үзіп қалған.

"Өкінішке орай, 2008 жылы картоп егу алаңдары 21 мың гектарға дейін төмендеп кетті. Айта кететін жағдай, картоп алқаптарының 12% ғана облыстың ауылшаруашылық құрылымдарына тиесілі, ал 88 пайыз жеке меншікте. Картоп өндірісінің азайюы қалалардағы картоп тапшылығына алып келді. Мәселен, халықтың бұл өніммен қамтамасыз етілуі Өскеменде - 29%, Семейде - 93%, Аягөз ауданында - 18%, Абай ауданында - 54%, Тарбағатай ауданында - 49%. Соның салдарынан картоп бағасы шарықтап барады",- делінген хабарламада.

Картоп шаруашылығының ерекшелігі - бұл сала негізінен ішкі нарыққа негізделіп, шетелге шыға алмай отыр.

Картоп экспорты жоқтың қасы, ал сырттан әкелінетін картоптың орта саны 15 мың тоннаға таяу немесе жалпы өндірістің 6 %-ға жуығы.

Семинар барысында облыс әкімі картоп өсіру шаруашылығын дамыту және оны тұрақты өндіру үшін ең алдымен өсіру алаңдарын ұлғайту және қазіргі заманғы агротехнологияларды қолдану қажет екенін айтты.

Икімдіктің мәліметінше, 2008 жылы аймақты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етудің 2008 жылғы аймақтық бағдарламасы бекітілген. Оған сәйкес картоп өндіру ісінде агроқұрылымдарға баса назар аударылады. Ағымдағы жылы егіс алқаптары айтарлықтай ұлғайтылды. Жедел ақпарат бойынша биыл картоп алаңдары 23,8 мың гектарды құрады, бұл 2008 жылғыдан 2,5 мың гектарға көп. Негізгі өсімді, яғни 1,7 мың гектар облыстың ауыл шаруашылық құрылымдарына тиесілі. Картоп өсіру алаңдарының айтарлықтай үлкеюінің арқасында Үржар ауданында 523 га, Семей қаласында 484 га, Бородулиха ауданында 324 га, Глубокое ауданында 291 га және Ұлан ауданында 182 гектарға артқан. Алайда кейбір аудандарда бұл жұмыс төмендеп кетіпті. Айталық, картоп егістері Өскемен қаласында 156 га, Зайсан ауданында 376 га, Көкпекті ауданында 58 га, Жарма ауданында 30 га қысқарған.

Аймақ басшысы аталған аудандардың әкімдерінің назарын бұл олқылықтарды жою керек екеніне аударды.

Кеңес барысында картоп тұқымын өндіруде маңызды орын алып, жоғары сапалы тұқым үлесін арттыруға мүмкіндік беретін тұқымның сапасын жоғарылатудағы кешенді әдістер талқыланды. Бұл өз кезегінде үздік сұрыптарды өндіруге және ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.

"Семинар-кеңеске қатысушылар бүгінгі ауыл шаруашылығының перспективалы әрі табысты бағыты екенін атап көрсетті. Мемлекет және қаржылық институттар тарапынан жасалған нақты қолдау бар. Ауылшаруашылық құрылымдар бұл бағытта белсенді жұмыс атқарса қала және аудан әкімдері оларға жан-жақты қолда көрсетулері қажет. Бұл орайда өнімділіктің орташа деңгейі маңызды. Ол 20-25 т/га болса, өнімнен қол жазып қалу 15-20% қысқаруы тиіс. Бұл инфрақұрылымды дамытуға, сақтау базаларын жаңартуға, қайта өңдеу қуаттарын құруға, картоп өсірудегі техникалық және технологиялық деңгейді көтеруге қосымша инвестициялық ресурстар тартуға мүмкіндік береді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны