11.03.2007, 15:17 3333

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамыту аймағын құру көзделуде

СЕМЕЙ. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті дамыту аймағын құру көзделуде. Бұл туралы облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов журналистегре мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ж.Кәрібжановтың айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту аймағы атқарушы билік тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға түрткі болу туралы президенттің тапсырмасына сәйкес құрылмақ. "Біз Өскемен мен Семейде 100 гектардан жер телімдерін бөлдік, бүгінде осы жерлерге түрлі желілер мен коммуникацияларды тарту жұмыстары қолға алынды",- деді әкім. Оның айтуынша, арнаулы аймақ болашақ инвесторларға "өз ісімен түрлі төрешілдік тосқауылдарсыз әрі еркін айналысуға, кәсіпорын салып, өнім шығаруға, пайда тауып, салық төлеуге мүмкіндік береді".

Ж.Кәрібжановтың айтуынша, таяу уақыттарда өңір кәсіпкерлерімен кездесулер өтеді. Ондағы мақсат - кәсіпкерлерді аймақтағы шағын және орта бизнеспен шұғылдану мүмкіндіктерімен таныстыру. Сонымен бірге оларға жаңадан құрылатын кәсіпкерлікті дамыту аймағында тиімді жұмыс істеу үшін бизнес-жоспарлар жасауға көмек көрсетіледі.

Облыс басшысының айтуынша, "бұл Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін анағұрлым жақсартуға мүмкіндік береді". Ол сонымен бірге шағын және орта бизнес саласында ірі кластерлік жүйе өндірістерін құру және бәсекелестік қабілеті бар өнімдер өндіру үшін қалалық және ауылдық кәсіпкерлердің ықпалдастық схемасын құру межеленгенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны