11.05.2007, 16:15 2987

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққандардың саны 1100 адамнан асып кетті

СЕМЕЙ. 11 - мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында кене шаққандардың саны 1100 адамнан асып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, 28-наурыз бен 9-мамыр аралығында облыстың емдеу-профилактикалық мекемесіне кене шаққан 1159 адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 328 14 жасқа дейінгі балалар (31 пайызы).

Сонымен қатар 2007 жылдың эпидемиологиялық маусымының басынан бері кене энцефалитімен ауыру жағдайы тіркелмеген. Профилактикалық іс-шараларды күшейту үшін және кене энцефалитімен ауырудың алдын алу үшін облыстық ауруханалардың дәрігерлерімен клиника, диагностика, кене энцефалитін емдеу, алдын алу бойынша 19 семинар өткізілген.

Кене энцефалитімен ауыруға қатысты ахуалдары төмен аумақтарда демалыс аймақтарында 75 га жерді шөп-шқмшектен тазалау, 43,4 гектар алаңды кенеге қарсы өңдеу жұмыстары ұйымдастырылып, "Абайла, кене!", "Кененің уыты қауіпті" деген жазулар жазылған ескерту тақтайшалар қойылған.

"Індетпен күрес" атты бюджеттік бағдарлама бойынша тендер жүргізіліп, профилактикалық дезифекциялық жұмыстар басталып кетті. 2007 жылдың ағымдағы кезеңінде ауыру ошақтары мен кене энцефалиті жұғуы мүмкін деген 127,5 гектарға кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны