28.05.2007, 17:29 2884

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққандардың саны 1700 адамнан асып кетті

СЕМЕЙ. 28 - мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында кене шаққандардың саны 1700 адамнан асып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, 28-наурыз бен 24-мамыр аралығында облыстың емдеу-профилактикалық мекемесіне кене шаққан 1719 адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 458-і 14 жасқа дейінгі балалар. Департаменттегілердің айтуынша, кене шаққан 1590 адам эндемиялық қалалар мен аудандарда тұрады.

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, 1240 зардап шегуші алдын алу мақсатында иммуноглобулин ектірді. "Қалған 350 адам емдеу мекемелеріне кеш жүгінгендіктен серологиялық алдын алу шарасына қамтылмады",- деп атап өтті мамандар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны