08.02.2008, 15:08 2930

Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығындардың өтемақысын алушылар көбейді

Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығындардың өтемақысын алушылар көбейді

Семей. 8-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 2008 жылы коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығындардың өтемақысын алушылар тізімі ұлғайды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Биыл коммуналдық қызметтерге жұсалған шығынға өтемақы алу құқына ие азаматтарға тағы бір категория келіп қосылды. Бұл Чернобыль АЭС-да және өзге де азаматтық және әскери нысандардағы радиациялық апаттар мен зұлматтар салдарынан немесе ядролық қаруды сынақтан өткізу кезінде мүгедек болған тұлғалар мен олардың мүгедектігі ата-аналарының бірінің радиациялық сәуле әсеріне ұшырауының генетикалық байланысы бар балалары", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Икімшіліктің ақпаратына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі бойынша осы санатқа жатқызылған адамдарға ай сайын 2 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілетін болады.

Қазіргі уақытта азаматтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына аталмыш көмекті алу үшін арыз жаза бастаған.

"Коммуналдық қызметтерге жұмсалған шығынның өтемақысын төлеу тізімін анықтайтын материалдық көмекті беру тәртібі облыстық мәслихаттың 2007 жылдың шілде айында қабылдаған шешімімен бекітілген болатын. Осыған дейін бұл санатта Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері мен соғыс ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар болған еді. Олар айына 5 мың теңге алады", - деп еске салды әкімшіліктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны