05.02.2007, 13:05 3288

Шығыс Қазақстан облысында "Контрафакт" іс-шарасын жүргізу барысында жалпы құны 2,5 млн теңгедей өнім тәркіленді

СЕМЕЙ. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында "Контрафакт" іс-шарасын жүргізу барысында жалпы құны 2,5 млн теңгенің өнімі тәркіленді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ІІД криминалдық полиция басқармасынан хабарлады.

"Бес күндік іс-шара барысында "бақылаудағы сатып алу" әдісімен 9 арнайы жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды, олардың бесеуі порнографиялық мазмұндағы ақпараттарды сатып алу бойынша, төртеуі - контрафакталы өнімдерді сатып алу бойынша өткізілді, сондай-ақ, 19 бірлескен рейдтік іс-шаралары өткізілді",- деп хабарлады басқармадан.

Нәтижесінде, полицияның мәліметтеріне сүйенсек, айналымнан 208 компакт-диск, 514 аудиокассета, 13 лицензиясыз бағдарламмалық, соның ішінде 3 зиянды бағдарламалық қамтамасыз етілген жүйелік блоктар тәркіленді. "Тәркіленген өнімнің жалпы құны 2 480 900 теңгені құрап отыр",- деді ақпарат көзі.

Рейд қорытындысы бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды, олардың үшеуі - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату" қылмыстарын қарастыратын 273-бабы бойынша, біреуі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу" қылмыстары қарастырылған 184-бабы бойынша және біреуі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің "Компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату" қылмыстарын талдайтын 227-бабының 3-бөлімі бойынша қозғалды.

"Контрафакт" арнаулы жедел-іздестіру және алдын алу шаралары компьютерлік ақпараттарға заңсыз кіру, еркін айналымда шектеулі ақпараттар мен заттарды (порнография, зиянды бағдарламалар, контрафактілі өнімдер) таратуға байланысты қылмыстарды, сонымен қатар телекоммуникация саласындағы қылмыстарды анықтауға және алдын алуға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны