15.05.2007, 14:49 1381

Шығыс Қазақстан облысында қуат үнемдеудің аймақтық бағдарламасы әзірленбек

СЕМЕЙ. 15 - мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының әкімі облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментіне қуат үнемдеудің аймақтық бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы

Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Облыс әкімі Жәнібек Кәрібжанов тапсырманы облыс қалалары мен аудандары әкімдерінің орынбасарларымен, жылумен қамсыздандыру ұйымдарымен және облыстың жылумен қамтамасыз ету нысандарындағы ақша-қаражатты игеру және алдағы 2007/2008 жылдардағы қысқы жылыту маусымына дайындық мәселелері жөніндегі мердігерлік кәсіпорындармен өткен кеңес барысында берді.

Ж. Кәрібжанов жиналысқа қатысушылардың ерекше назарын көп қабатты үйлерге берілетін жылу қуатының шығынын азайту, үйлердің ішіндегі жылу жүйесін дер кезінде ауыстыру, тұрғындар мен бюджеттік ұйымдардың коммуналдық қызметті тұтыну қарыздарын азайту қажеттігіне аударып, қалалар мен аудан әкімдеріне аталмыш мәселелердің шешімін табуға жеке бақылау қоюды тапсырды.

Облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментіне Шығыс Қазақстан облысының әкімі қуатты үнемдеудің аймақтық бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.

Жиналыста сондай-ақ жылумен қамсыздандыру нысандарын жөндеу мен ұйымдастыру жұмыстарына және олардың жылыту маусымына дайындығы туралы есептер тыңдалып, өзекті мәселелер, соның ішінде Өскемен, Семей, Зыряновск, Серебрянск қалалары, Аягөз және Глубоковский аудандарына қатысты мәселелер қарастырылды. Икім Серебрянск қаласының жылумен қамсыздандыру жүйесінің сын көтермейтін ахуалын айта отырып, үстіміздегі жылы екі қазандық сатып алу үшін қаржы бөлу туралы мәселені қарастыруды тапсырды. Бұл шығындар 2008 жылға жоспарланған болатын. "Бұл қаланы алда келе жатқан қысқа дер кезінде дайындауға мүмкіндік береді",- деп атап өтті Ж. Кәрібжанов.

Сондай-ақ, Семейдің жылумен қамсыздандыру нысандарын әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді. Ж. Кәрібжанов жаңа 3-ші жылу электр орталығының нысанына, республикалық бюджеттен бөлінген ақша-қаражатты игеруге қатысты байқау өткізуді жылдамдатып, өткізілген байқаулар бойынша жөндеу жұмыстарының сапалы және дер кезінде орындалуын бақылауға алуды, көмірді арзан бағамен сатып алу мәселесін қарастыру және де оны есепке алу мен сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны