03.09.2007, 17:01 3019

Шығыс Қазақстан облысында қуатты үнемдеу жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы дайындалды

Шығыс Қазақстан облысында қуат үнемдеу жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы дайындалды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. ӨСКЕМЕН. Шығыс Қазақстан облысында қуат үнемдеу жөніндегі 2007 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдаманың жобасы дайындалды, деп хабарлады "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Тұжырымдаманы облыстың энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әзірледі.

Баспасөз қызметінен атап өткендей, қуатты үнемдеу жөніндегі тұжырымдама кешенді құжат болып табылады, ол 2007 - 2024 жылдарға арналған Қазақстанның тұрақты дамуға өту Концепциясын жүзеге асыруға қатысты 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарымен және Қазақстан Республикасының "Қуатты үнемдеу туралы" заңымен толық сабақтас. Бағдарламаны орындаудың бірінші кезеңі 2007 - 2010 жылдарға есептелген.

Концепция облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған. "Аталмыш жобаны жүзеге асыру жылу-энергетикалық кешен нысандарына түсетін салмақты төмендетуге және де әлеуметтік проблемаларды шешуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Тұтынушыларды есепке алу жүйесі құралдарымен қамтамасыз ету және қуат тасымалдаушылардың шығынын коммуналдық-тұрмыстық сектордағы қуатты үнемдеуді жүзеге асырумен қатар реттеу қуат ресурстарына деген қажеттілікті қысқартуға мүмкіндік береді",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер.

Облыстың ірі кәсіпорындарының қуатты үнемдеу шараларын қаржыландырудың жалпы шығыны 117 007 млн теңге көлемінде бағаланып отыр. Электр энергетикасы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2007-2010 жылдардағы күтіліп отырған отын үнемділігі: электр қуатында - сағатына 391 943 млн кВт, жылу энергиясында - 53 955,3 мың Гкал, отын - 26 877,7 мың тоннаны құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны