11.01.2010, 18:45 2912

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар адамдар мен техниканы қардың құрсауынан құтқаруда - ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар адамдар мен техниканы қардың құрсауынан құтқаруда - ТЖД

Семей. 11 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар 20-дан астам автокөлікті қардың құрсауынан құтқаруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Өскемен - Қалбатау күре жолында ТЖД құтқарушы бөлімшелері адамдар мен техниканы қардың құрсауынан құтқаруда. "55-ші шақырымда 20-дан астам автокөлік жолдарда бөгет тудырды. Қатты боран мен жолдардың көрінбей қалуына байланысты көліктің қозғалысы қиындады. Оқиға орнында қазір құтқарушылар, жол қызметінің мамандары мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлайды ТЖД.

"Құтқарушылар қала бағытында 7 КамАЗ, 10 жеңіл көлік және 1 бағытты автобуспен бірге келеді. Құрбан болғандар мен зардап шеккен ешкім жоқ. Жұмыстар кедергісіз жүргізілуде", - деп түсіндіреді баспасөз қызметіндегілер.

""Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының аумағында күшті боран соғады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы секундына 18 - 24 метрге жетеді. Жолдарда қардан құрсау түзілді", - деп хабарлайды Семей ТЖБ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны