21.02.2007, 14:07 3415

Шығыс Қазақстан облысында малдардың құтыру оқиғалары анықталды

СЕМЕЙ. 21-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Знаменск ауылдық округінде Шетқызыл учаскесінің аумағында малдардың құтыру оқиғалары анықталды, деп хабарлады журналистерге Семей қалалық мал дәрігерлік бөлімінің бас мемлекеттік инспекторы Жанат Рақышев.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Шетқызыл учаскесінде сиырлардың құтыру оқиғалары өткен жылдың желтоқсанында анықталған. Қаңтардың 15-ші жұлдызынан бастап үй жануарларын әкелуге және әкетуге, сонымен қатар, шикі ет пен мал өнімдерін тасымалдауға да тыйым салынған.

"Мал өнімдерін тасымалдауға тыйым салу екі айға созылады. Егер құтыру оқиғасы осы мерізімде қайталап бой көрсетпесе ғана қойылған шектеу алынады",- деді Ж. Рақышев.

Жанат Рақышевтің сөздеріне сүйенсек, қазір ауданда үй жануарларын ұстау ережелерін сақтауға қатаң бақылау қойылған. Малдардың құтыру дертіне шалдығу ошағының таралуын шектеу және оны жоюға бағытталған барлық шаралар жүргізілуде.

Сонымен қатар, ахуалы төмен ауданда тұрғындар арасында құтырудың қауіптілігі туралы түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Адамдар малдарды жабайы етқоректі жануарлар (қарсақтар, түлкілер, қасқырлар) тістегеннен кейін аталмыш науқасты жұқтыру қаупіне баса назар аударуды және де малдарының денсаулығындағы кез-келген өзгерістер туралы үнемі мал дәрігеріне хабарлауларын сұрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны