29.07.2008, 16:33 3082

Шығыс Қазақстан облысында медициналық мекемелерді жаңа санитарлық көліктермен жабдықтау жұмыстары басталды

Шығыс Қазақстан облысында медициналық мекемелерді жаңа санитарлық көліктермен жабдықтау жұмыстары басталды

Өскемен. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында медициналық мекемелерді жаңа санитарлық көліктермен жабдықтау жұмыстары басталды. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің ішкі саясат департаменті хабарлады.

"Бүгін Өскеменде жоспарланған 21 санитарлық көліктің алғашқы 10-ын тапсыру рәсімі өтті", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Департамент ақпаратына сәйкес, алғашқы 10 машинаны Семей және Риддер қалаларының жедел жәрдем станциялары, Зыряновск қаласының №1 және №2 медициналық бірлестіктері, Семей қаласының №5 және №7 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары , Семейдегі аралас үлгідегі №4 және №5 емханалары алды.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Эрнест Қалиевтің айтуынша, "алдағы уақытта жергілікті бюджет есебінен санитарлық авиация үшін 3 реанимациялық автокөлік пен жедел жәрдемге арналған 20 көлік сатып алынады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны