20.08.2008, 17:39 2851

Шығыс Қазақстан облысында мектептердің 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын

Шығыс Қазақстан облысында мектептердің 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын

Семей. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында мектептердің 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазіргі таңда облыста 1004 білім беру нысаны жұмыс істейді. Олардың 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын. Білім беру нысандарын оқу жылына дайындау жауапкершілігі қала және аудан әкімдерінің, білім беру бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорыларының мойнына жүктелген. Облыс әкімі Иділғазы Бергенов бұл жұмыстарды 25 тамызға дейін аяқтау қажеттігін баса айтты", - деп хабарлады әкімдік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны