16.03.2010, 15:54 3179

Шығыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек төленеді

Шығыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек төленеді

Семей. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек төленеді. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әкімдік аппаратында өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырыс басталар алдында Б. Сапарбаев Үржар ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшыраған кезде қаза тапқандарды еске алуға арналған бір минуттық үнсіздік жариялады. Өңір басшысы болған оқиғаға айрықша өкініш білдіре отырып, "қаза тапқандардың отбасыларына жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен 1 млн теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек берілетінін, сондай-ақ, тиісті мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалғанын" атап өтті. Сондай-ақ, оның айтуынша, облыс басшылығы қаза тапқандарды жерлеуге қатысты барлық мәселелерді шешеді.

Икімдіктің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға орнынан тікұшақтың қара жәшігі әзірге табылған жоқ. Оны табуға күн райының қолайсыз ахуалы кедергі келтіруде. Осы себеппен қаза тапқандардың мәйіттерін тану үшін Өскеменге жеткізу мәселесі де күрделіленіп отыр. Бүгін күн райы жақсарған жағдайда оқиға орнына арнауды тікұшақ жіберіледі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тікұшақтың сынықтары 12 наурызда сағат 16.15-те Мақаншы ауылына таяу жерден табылған. "Тікұшақта болған 8 адам: ұшқыштар Владимир Столбовский, Юрий Тюрников, борт-механик Сергей Барабанов және дәрігерлер Анжела Стрельник пен Валентина Тюктаева, Мақаншы және Благодарственный ауылдық округтерінің әкімдері Ерболат Сағынбеков пен Болат Ыбраев және 17 жасар Қуаныш Қалиев есімді науқас бала қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны