03.01.2008, 16:05 5097

Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін шырша тойлары өткізілуде

Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін шырша тойлары өткізілуде

Семей. 3 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін шырша тойлары өткізілуде. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шаралар "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық -педагогикалық коррекциялық қолдау жөніндегі" заңды жүзеге асыру аясында өткізілуде. Облыста мұндай мерекелер ұйымдастыру дәстүрге айналған.

"Мүгедек балаларға арналған барлық шаралар ауылдық округтерде кезекпен өткізілуде. Ондағы мақсат - балаларға тек аудан орталығын ғана емес, сонымен бірге бүкіл Бесқарағай ауданын толық аралап шығуға және жаңа достар табуға көмектесу", -деп хабарлайды облыстық әкімшіліктегілер.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "желтоқсан айының аяғында Семенов ауылдық округінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған таңертеңгілік өтті. Түрлі ауылдардан келген 33 бала үшін орта мектеп мұғалімдерінің күшімен ертегілік қойылым әзірленді".

"Мерекенің соңында аудан әкімінің атынан барлық балаға жаңа жылдық сыйлықтар беріліп, дастархан жайылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, әкімшіліктің хабарлауынша, балалар кәсіпкерлердің есебінен сатып алған тарту-таралғымен де марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны