16.04.2014, 19:52 8742

Шығыс Қазақстан облысында нан фестивалі өтті

"Қазақстан наны" фестиваль-байқауын Семей мәдениет үйі ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтып, Қазақстанда өмір сүретін ұлттардың ұлттық асханасын насихаттау мақсатымен ұйымдастырған.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan today. "Қазақстан наны" фестиваль-байқауын Семей мәдениет үйі ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтып, Қазақстанда өмір сүретін ұлттардың ұлттық асханасын насихаттау мақсатымен ұйымдастырған.

Жеті ұлттық-мәдени орталық шарада өздерінің ұлттық нан өнімдерін ұсынды. Атап айтар болсақ, олар қазақ, орыс, корей, неміс және өзге де ұлт өкілдері, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттық орталығы.

Этномәдени орталық өкілдері ән салып, би билеп, ұлттық киімдерімен театрландырылған қойылым қойып, ұлттық тағамдарын көпшілікке ұсынды. Көрермендерді дастарханға шақырып, салт-дәстүрлерін жасады. Нәтижесінде қонақтар әр алуан тағам түрлерімен танысып, оның дайындалу құрамын да үйреністі.

Ұйымдастырушылар үшін д, қатысушылар үшін де бастысы шараны өз деңгейінд өткізу. Сол себепті шара байқау түрінде өткізілгенімен, қорытындысында достық жеңді. Ал ұйымдастырушылар нан фестивалін дәстүрлі түрде жыл сайын қолға алмаққа бекініп отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны