20.05.2008, 10:43 1549

Шығыс Қазақстан облысында орман қоры отыз пайызға азайды

Шығыс Қазақстан облысында орман қоры отыз пайызға азайды

Семей. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында орман қоры отыз пайызға азайды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ШҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары Жанарбек Бақтыбаев мәлім етті.

"Өрттер мен заңсыз ағаш кесулерге коммуналдық, өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы нысандарының қырсыздығы мен салақтығы қосылуда. Сондай-ақ, жекелеген азаматтардың демалыс аймағына, демалыс зонасына тұрмыстық қалдықтарды саналы түрде тастауы бар", - деді Ж. Бақтыбаев.

Оның хабарлауынша, осыған байланысты ІІД-нің басшылығы қоршаған ортаны, орман, аң және балық шаруашылығы саалсындағы уәкілетті мемлекеттік органлармен бірлесіп кешенді шаралар қабылдауға шешім шығарылды.

"Бұл шаралар экологиялық заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Қорық режимін сақтау, халық жаппай демалатын жерлерде, соның ішінде ерекше қорғаудағы табиғ аумақтарда табиғат қорғау заңнамаын бұзуға жол бермеу, мемлекеттік орман қорының аумағынан ағаш ұрлау, заңсыз кесу, тасымалдау мен тонаушылық деректерінің бетін ашу мен олардың алдын алуға қосымша шаралар қолдану - бұның бәрі орманды сақтап қалу мен экологиялық балансты қалпына келтіруге бағытталған күресте ықпалды құралға айналуға тиіс", -деді Ж. Бақтыбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны