25.02.2008, 13:38 2781

Шығыс Қазақстан облысында өткір респираторлық вирусты инфекция мен тұмаумен ауырғандар саны бір аптада 35%-ға өсті

Шығыс Қазақстан облысында өткір респираторлық вирусты инфекция мен тұмаумен ауырғандар саны бір аптада 35%-ға өсті

Семей. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында өткір респираторлық вирусты инфекция мен тұмаумен ауырғандар саны бір аптада 35%-ға өсті. Бұл туралы агенттікке Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

"Ақпанның 13 мен 19 аралығында облыста өткір респираторлық вирусты инфекциямен ауыруға қатысты 8814 оқиға, ал тұмаумен ауыруға қатысты 40 оқиға тіркелген. Оның алдындағы аптамен салыстырғанда облыста өткір респираторлық вирусты инфекция мен тұмаумен ауырғандар саны бір аптада 35%-ға өсті.

Жалпы ауырғандардың 59,6% 14 жасқа дейінгі бала (5251 оқиға).

Өткен аптада 215 адам ауруханаға жатқызылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны