24.05.2007, 17:43 2794

Шығыс Қазақстан облысында порнографиялық бейне өнімдері таратуға қатысты 5, заңсыз көшірілген DVD-дискілерді сатуға қатысты 35 дерек анықталды

СЕМЕЙ. 24 - мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында порнографиялық бейне өнімдері таратуға қатысты 5, заңсыз көшірілген DVD-дискілерді сатуға қатысты 35 дерек анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменітінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қыземтінің ақпараттарына сүйенсек, заңсыз айналымнан 1111 кассета мен дискілер тәркіленіп, заңсыз көшірілген өнімдерді шеттен әкелу арнасы анықталған. Тәркіленген өнімнің жалпы құны 2,5 млн теңгені құрайды. 3 қылмыстық іс қозғалған.

Атап айтқанда, іс-шара жүргізу барысында Өскеменнің 25 жастағы тұрғынының порнографиялық DVD-дискілерді тарату дерегі анықталған. Оның пәтерінен 88 контрафакт диск тәркіленген. Шығын көлемі 199 мың теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, шара барысында полицейлер Курчатов қаласында тұратын жеке кәсіпкер әйелдің "БУКА" ЖАҚ құқық иесімен алдын ала келіспестен, "Counter Strike" ойын бағдарламасын ойын клубында жалға беру үшін заңсыз пайдаланатындығы туралы ақпарат алған. Осылайша ол 10 мың АҚШ доллары көлемінде материалдық шығын әкелген. 4 жүйелі блок тәркіленді.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Шеп" жедел-іздестіру шарасы компьютерлік бағдарламаларға заңсыз кіру, еркін айналымда тыйым саланған заттар мен ақпараттарды таратуға байланысты қылмыстарды анықтап, жолын кесуге бағытталған. Сондай-ақ, іс-шара мақсаттарының бірі телекеоммуникация саласындағы қылмыстарды анықтау болып табылады.

Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің криминалдық полиция басқармасының "К" тобының қызметкерлері, қаржы полициясының, кеден және әділет органдарының өкілдері жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны