27.07.2007, 11:03 2917

Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдарды тексеру барысында қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулар анықталды

ӨСКЕМЕН. 27 - шілде. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдарды тексеру барысында қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулар анықталды. Бұл туралы аймақтың Жол полициясы басқармасының жол және техникалық инспекциясы бөлімінің бас маманы Бауыржан Наханов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның ақпараттарына сүйенсек, республикалық маңызы бар көлік жолдарын тексеру "олардың ахуалдарын жақсартуды көздейді". "Біз көлік жолының 3413 шақырымын тексеріп, 1950 шақырымынан ақаулар таптық",- деп атап өтті Жол полициясы басқармасының қызметкері.

Б.Нахановтың айтуынша, "601 шақырымға созылатын жолда жол қозғалысының қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіретін ақаулар табылды. Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында жолдың қанағаттанарлық емес жағдайы салдарынан 7 жол-көлік оқиғасы болып, 5 адам зардап шеккен, тағы екі адам қайтыс болған". Қазіргі уақытта ең көп бұзылғаны - "Омск-Майқапшағай", "Алматы - Өскемен", "Өскемен - Семей", "Қарағанды - Аягөз - Бұғаз" жолдары.

Жол полицейінің түсіндіруінше, жолды тексеру "Жол" жедел-профилактикалық іс-шара аясында жүргізілген. "Біз бұл іс-шара жол-көлік жарақаты деңгейін төмендетуге, осы тектес жолдардағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген сенімдеміз",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны