08.09.2016, 22:32 3776

Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигонына жақын аймақты зерттеу аяқталды

Радиациялық медицина және экология жөніндегі ғылыми-зерттеу институтыныӊ қызметкерлері Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен бірлесе 3 жыл бойы жұмыс істеді

Өскемен. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысына арналған радиациялық медицина саласыныӊ маӊызды жобасы биыл аяқталды. Жобаныӊ басты мақсаты Семей ядролық полигонына жақын аймақтарды зерттеу болып табылады, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Орталықтыӊ ақпаратына сәйкес, бұл жоба ғалымдарға өӊірдегі радиациялық үлестіӊ қаншалықты екенін зерттеп, халықтыӊ денсаулығынан хабар береді.

Радиациялық медицина және экология жөніндегі ғылыми-зерттеу институтыныӊ қызметкерлері Дүниежүзілік денсаулық ұйымымен бірлесе 3 жыл бойы жұмыс істеді. Олардыӊ арасында Ресей, Жапония, Германия, Норвегия, Бельгия ғалымдары да бар.

Зерттеулер Семей ядролық сынағынан зардап шеккендердіӊ жай-күйін зерттеуге бағытталған. Олар 317 мыӊ тұлға туралы ақпарат жинады.

"Семей полигонына қатысты аймақтардыӊ ерекшелігі сынақтан кейін олар ашық атмосфералық сынақтардыӊ құрбаны болды. Институт полигонда жәбір көргендер туралы регистр құрды. Ирбір жәбір көруші тізімде бар, тіркеу, медициналық ақпарат жиналды", - дейді зерттеушілер.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны