20.09.2007, 18:56 4071

Шығыс Қазақстан облысында Шаған өзенін тритиймен ластану деңгейіне жүргізілген зерттеу аяқталды

Шығыс Қазақстан облысында Шаған өзенін тритиймен ластану деңгейіне жүргізілген зерттеу аяқталды.

Семей. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында Радициялық қауіпсіздік және экология институты Шаған өзенінің экологиялық жүйесін техногендік радионуклидтермен ластану деңгейіне жүргізген зерттеуді аяқтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Семейдің экология басқармасының радиациялық бақылау жөніндегі маманы Мұрат Құсайынов хабарлады.

"Радициялық қауіпсіздік және экология институтының директоры Сергей Лукашенко өзінің қорытындысында, жүргізілген мониторинг Шаған өзенінің тритиймен ластанғандығы туралы деректі растағандығын атап өтті",- деді Мұрат Құсайынов. Ол сондай-ақ ластанудың өзеннің тек 20 шақырымдық жалғыз бөлігінде ғана анықталғандығын атап өтті.

Оның айтуынша, Шаған өзенінің экологиялық жүйесінің бөліктерін зерттеу "тритиймен ластану деңгейі 79 мың Бк/л жеткендігін, ал тиісті мөлшері 7700 Бк/л, яғни тиісті мөлшерден 10 есеге дейін артық екендігін" көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, Шаған және Ертіс өзендерінің бір-бір біріне құятын тұсында судың ластануы анықталмады. "Және де қазіргі уақытта ең бастысы Шаған өзенінің бассейнінде орналасқан суды пайдалану көздерінде және де ауылшаруашылық қажеттілігіне пайдаланатын суда тритий құрамы радиациялық қауіпсіздік мөлшерімен белгіленген мөлшерден аспайды. Бұл жақын маңда орналасқан шаруашылықтар үшін қауіп төнбейді деген сөз",- деп атап көрсетті М. Құсайынов.

Дегенмен жүргізілген зерттеу, Шаған өзеніндегі тритийдің құрамы маусымдық сипатқа ие екендігін, оның бірінші кезекте жер асты суларына байланысты екендігін көрсетіп отыр. "Тритийдің құрамы көбінесе көктемде, қар еріген кезде көтеріледі",- деп түсіндірді М.Құсайынов.

Ол, Радициялық қауіпсіздік пен экология институты жағдайды бақылауда ұстап отырғандығын атап өтті. Аталмыш проблемаға қатысты ғалымдар сәйкес бағдарлама әзірлеген, ол Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің қарауына жіберілген. "Бірақ ол жақтан бұл мәселені облысқа жіберген, себебі олар аталмыш проблеманы жою жөніндегі одан әрі жүргізілетін жұмысқа қаржы облыстық бюджеттен бөлінеді, деп шешкен. Бұл мәселе бойынша соңғы шешімінің қандай болатындығы әзірге белгісіз",- деп қорытындылады ол.

Оның ақпараттарына сүйенсек, үстіміздегі жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының Радиациялық қауіпсіздік және экология институты өз қаржысына Шаған өзеніне далалық, зертханалық және аналитикалық зерттеулер жүргізген.

Естеріңізге сала кетейік, тритий радиоактивті заты Шаған өзенінен 2006 жылдың аяғында бір реттік сынамалар алу барысында табылған болатын. Ғалымдар, тритий Шағанға жер астындағы ядролық жарылыстар жүргізілген жерден келетін жер асты суымен ілесе келетіндігін анықтаған, себебі өзен бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына жақын аумақта орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны