06.05.2010, 16:22 5335

Шығыс Қазақстан облысында сынапты аспаптарды залалсыздандыратын алаң құрылады

Шығыс Қазақстан облысында сынапты аспаптарды залалсыздандыратын алаң құрылады

Семей. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында сынапты аспаптарды залалсыздандыратын алаң құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Мой город" газетіне сілтеме жасап.

"Бүгінде шығу тегі мен сапа сертификаты жоқ, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен төтенше жағдайлар басқармасы халықтан тәркілеп алған иесіз сынапты кәдеге жарату және сақтау мәселесінің өзектілігі арта түсті", - деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары Ертай Байбатчин.

Оның айтуынша, термометр, люминесценттік немесе газды разрядты шырағданда сынап мардымсыз. Дегенмен бұл заттың өзі аса улы, оның жиналуы "баяу әсер ететін бомба" іспетті.

Семейде демеркуризациялау жөніндегі экологиялық орталық бар, алайда қазір онда 1 млн данадан астам сынапты аспаптар мен бұйымдар сақтаулы тұр.

"2004 жылы сынапты қалдықтарды залалсыздандыру алаңын құру жөніндегі техника-экономикалық негіздемесі жасалған. Содан бері біз бұл жобаны облыстың әлеуметтік -экономикалық орта мерзімдік даму жоспарына қамтуды ұсынып келдік. Сынапты қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін сөзбұйдаға салу өңірдің экологиялық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қайтарымсыз залал-зардаптарға алып келуі мүмкін", - деді Е. Байбатчин.

Басылымның хабарлауынша, "департамент мамандарының пікіріне құлақ түрудің нәтижесінде биыл ғана бюджеттен Семейде осындай алаң құруға 263 млн астам теңге бөлінді".

Газет ақпаратына сәйкес, 2010 жылдың екінші жартысында Шығыс Қазақстан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бюджеттік ұйымдардан сынапты қалдықтарды жинау іс-шараларын жүзеге асыратын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны