29.04.2010, 18:31 3246

Шығыс Қазақстан облысында таудан аққан қар суы саяжай кооперативіндегі үйлерді басып қалды - телеарна

Шығыс Қазақстан облысында таудан аққан қар суы саяжай кооперативіндегі үйлерді басып қалды - телеарна

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында таудан аққан қар суы "Яблонька" саяжай кооперативіндегі үйлерді басып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Жергілікті тұрғындар: "Енді ұйқыдан қалдық, үйіміздің төбесі кез-келген уақытта ортасына түсуі мүмкін,"- дейді. Апат салдарынан ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған жалғыз қондырғы да істен шыққан. Дегенмен осы уақытқа дейін саяжай кооперативіндегі жағдайды бірде бір басшы келіп көрмеген.

Еріген қар суы жағада тұрған бұл үйді бау-бақшасымен қоса Ертіс өзеніне ағызып әкеткен. Қазір орнында шұңқыр ғана қалды. Бір түннің ішінде баспанасынан айырылған отбасы қайта аман қалғанына қуанады. Ал саяжай кооперативінің басқа тұрғындары бұл жағдай біздің де басымызға келуі мүмкін,- деп алаңдап отыр.

"Яблонька" саяжай кооперативінің тұрғыны Лидия Макарова былай дейді: "жағдай осылай ушығады деп күткен жоқпыз. Көршілеріміз үймізді ағын шайып кетті дегенде шошып кеттік. Қарасақ дәл қасымыздағы үйдің орны ғана қалған".

Таудан аққан су жолындағысының барлығын шайып кеткен. Тіпті мынадай қайыңдарды тамырымен қоса опыра құлатыпты. Ал су қарқыны әлі баяулаған жоқ. Сондықтан Ертіс жағасындағы қалған саяжайлардың өзенге ағып кету қаупі бар. Апат салдарынан саяжай кооперативін ауыз сумен қамтамасыз ететін станция да істен шықты. Қондырғы таяу уақытта қалпына келтірілмесе, тұрғындар ішетін су таппай қалуы мүмкін.

"Су станциясы істен шықты. Оны біз өз күшімізбен қоса алмаймыз. Көп қаржы керек. Станция болмаса саяжайшылар мүлдем ауыз сусыз, жеміс-жидексіз қалады деген сөз",- дейді "Яблонька" саяжай кооперативінің төрағасы Николай Гераськов.

Енді тұрғындардың бар үміті аудан әкімдігінде. Дегенмен шенеуніктер "зардап шеккендерден ешқандай арыз-шағым түскен жоқ, оның үстіне өзен жағасына жақын орналасқан үйлердің заңдылығын тексеру керек",- дейді. Тек осы мәселенің басы ашылған соң, саяжай кооперативіндегі тұрғындарға тиісті көмек көрсетілуі мүмкін, делінген телесюжетте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны