16.10.2009, 18:22 3429

Шығыс Қазақстан облысында тракторшы жанып жатқан үйден үш кішкентай баланы алып шықты

Шығыс Қазақстан облысында тракторшы жанып жатқан үйден үш кішкентай баланы алып шықты

Семей. 16 қазан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының Озерск ауылдық округінің Половинки кентінде тракторшы жанып жатқан үйден үш кішкентай баланы алып шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Семей қалалық өрттің алдын алу орталығының аға қызметкері Наталья Рыковаға сілтеме жасап.

"Қаштақ орман шаруашылығының тракторшысы Владимир Шумилов көрші үйдің терезесінен түстін шығып жатқанын байқап қалады. Бірден өртеніп жатқан үйге жеткен Владимир терезені қағып тұрған балаларды көрген. Ол сол сәтте терезені сындырып, үш баланы бөлмеден сыртқа алып шыққан", - деді ол.

Екі, үш және бес жасар балалар айтарлықтай зардап шекпеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны