04.12.2006, 15:27 2941

Шығыс Қазақстан облысында тұмаудың алдын алуға байланысты үш айлық шара жүріп жатыр

СЕМЕЙ. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында тұмаудың алдын алуға байланысты үш айлық шара жарияланды,-деп Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ШҚО мемлекеттік санэпидбақылау департаментінің директоры Валерий Якупов хабарлады.

Якуповтың айтуынша, облыстық тұмау мен гриппен күрес штабының шешімімен аймақта эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған. Атап айтқанда емдеу-профилактикалық ұйымдар мен дәріханалардың дайындығы тексерілуде. Департамент директорының айтуынша, қазіргі кезде осы аймақтағы дәріханаларда грипп пен тұмаудың алдын алуға арналған түрлі дәрі- дәрмек қоры жеткілікті деңгейде.

Дәрігерлердің болжамынша, ШҚО кейінгі аптада 3406 адам тұмаумен ауырса, ал грипппен ауырғандар кездеспеген. Бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 237,5 ал эпидемия алдындағы кезеңде 296,2 болып отыр. В.Якуповтың сөзіне қарағанда, облыстағы эпидемиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде. Тұрғындар өткен аптаға қарағанда 12,3 пайызға, ал 14 жасқа дейінгі балалар 11 пайызға көбірек ауыра бастаған.

Қазан айының басынан бастап ШҚО 7527 адам тұмауға шалдыққан, олардың арасында 14-ке дейінгі балалар саны -2825, ал балаларға арналған жабық мекемелерде 565 бала ауырған.

Облыстық бюджеттің қаражатынан 2823 адамға вакцина егіліп, 5637 мың теңге жұмсалған. Ал демеушілік жолмен ақылы түрде 4704 адам егілген, олардың 100-і балалар. Қазіргі кезде түрлі мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлеріне екпе жасау жалғасып жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны