04.01.2007, 14:50 3131

Шығыс Қазақстан облысында тұмаумен ауыруға қатысты алғашқы оқиғалар тіркелді

СЕМЕЙ. 4-қаңтар. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында тұмаумен ауыруға қатысты алғашқы оқиғалар тіркелді. Бұл туралы журналистерге Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Валерий Якупов хабарлады.

Оның ақпаратына сүйенсек, облыста тұмаумен ауыруға қатысты төрт оқиға тіркелген. Бірінші тұмаудың В түріндегі вирусымен ауырған адам тіркелген, бінеше күннен кейін екі науқастан А1 (Н1N1) түріндегі тұмау вирусы табылған және тағы бір адамнан А3 (Н3N2) түріндегі тұмау вирусы табылған.

Облыстағы тұмаумен ауыруға қатысты жалпы эпидемиологиялық ахуал бірқалыпты, деп атап өтті В. Якупов. Өткен аптада тұмаумен ауырған 4703 адам тіркелді, екпінділік көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 327,9, ал эпидемиологиялық табалдырық - 529 болып табылады.

Облыс бойынша 4 қазаннан бергі уақытта тұмауға қарсы 8605 адам егілген, соның ішінде 3200 бала, осы баларлардың 565-і жабық балалар мекемесінен. Облыстық бюджет қаржысы есебінен 2823 адам егілсе, оның ішінде 2725-і 14 жасқа дейінгі балалар. Демеушілердің көмегімен және ақылы негізде 5782 адам егілген, соның ішінде 475-і бала.

Аурудың өсу екпінін ескере отырып, тұмауға қарсы күрес жөніндегі штабтың кезекті отырысының шешімімен халықты тұмауға қарсы иммунизациялау 25-желтоқсанда аяқталды. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде, мектептерде, емдеу мекемелері мен басқа да нысандарында тұмаудың алдын алуға бағытталған шектеу шаралары енгізілген. Облыстың емдеу орындарындағы төсек-орындар саны жеткілікті және тұмаудың ауыр түрін жұқтырған адамдарды емдеуге арналған қосымша төсектер ескерілген, деп хабарлады В. Якупов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны