28.05.2008, 15:24 3137

Шығыс Қазақстан облысында жаңа кадрлік ауыс-түйістер болды

Шығыс Қазақстан облысында жаңа кадрлік ауыс-түйістер болды

Өскемен. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында жаңа кадрлік ауыс-түйістер болды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Иділғазы Бергеневтің бұйрығымен ШҚО мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау (МСББ) басқармасының бастығы қызметіне Қайрат Мүкеев тағайындалды.

Бұған дейін ол мемлекеттік сәулет және құрылысты бақылау (МСББ) басқармасы департаменті директорының орынбасары болған.

Аманбай Нұркенов ШҚО сәулет және құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалды. Бұған дейін ол бұл департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны