08.12.2006, 11:28 3213

Шығыс Қазақстан облысында Жаңа жыл қарсаңында орман күзеті күшейтілді

СЕМЕЙ. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today. "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватында жаңа жыл мерекесіне орай заңсыз шырша кесуге жол бермеу үшін орман қорғау шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерватының орман қорғау жөніндегі инженері Юрий Дубовой хабарлады.

Оның айтуынша, резерват басшылығы жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты жас ағаштарды қорғауды күшейту туралы бұйрық берді. Бұйрыққа сәйкес 1-желтоқсаннан бастап резерват қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікке шықты. Барлығы 45 мобильді топ жасақталды. 3-4 адамнан құралған топтар орманды массив арқылы өтетін негізгі жолдарды бойлай торуылға шықты. Ирбір топ УАЗ автокөлігімен жабдықталған.

Сонымен бірге жолдардың түйілістері мен орманнан шыға беріс жолдарда 20-дан астам бақылау бекеттері құрылған.

Ю.Дубовойдың айтуынша, биыл "Семей орманы" резерватынан шыршалар мен қарағайлар бөлшек саудаға шығарылмайды. Жаңа жылдық шыршалар орман шаруашылығы комитетінің рұқсатымен Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің өтініші бойынша ғана мектептер, мектепке дейінгі мекемелер мен мәдениет үйлеріне бұқаралық мәдени шараларға арналып қана беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны