11.05.2007, 12:20 2482

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері материалдық-техникалық базасы норматив талаптарына сай келмеуге байланысты 30 автомектептің 11-і жабылды

СЕМЕЙ. 11-мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері материалдық-техникалық базасы норматив талаптарына сай келмеуге байланысты 30 автомектептің 11-і жабылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық ІІД жол полициясы басқармасының тіркеу және емтихан жұмыстары бөлімінің мемлекеттік автоинспекторы Мұрат Мырзаханов хабарлады.

Оның айтуынша, Өскеменде жүргізушілерді дайындау және қайта дайындаумен шұғылданатын 30 оқу ұйымы тіркелген. "Алайда, қазіргі жағдаймен олардың ішінде 6 автомектеп өз бастамасымен жабылды. Оған себеп - жүргізушілерді дайындау жөніндегі қазіргі заманғы талаптарға сай келмеу",- деді М.Мырзаханов. Оның айтуынша, "материалдық-техникалық базасы норматив талаптарына сай келмеуге байланысты тексеру нәтижесінде тағы бес ұйымның жұмысы тоқтатылды".

"Жол полициясы жүргізушіліктен үміткерлерді оқытуда қойылатын талаптарды күшейтуге бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді. Тиесілілік түріне қарамастан, әрбір автомектеп материалдық-техникалық базасын жетілдіру мен жүргізушілерді дайындау сапасын жақсартуға шара қолданбаса жабылатын болады",- деді М.Мырзаханов.

Оның айтуынша, кейінгі жылдары апаттар санының артуы мен жол апаттарының зардабының ауырлығы арта түсу ағымына байланысты автомектептерде жүргізушілерді дайындау сапасына назар аударуға мәжбүрлеуде. "Негізгі факторлардың бірі жүргізушілерді дайындау деңгейі болмақ. Көлік құралдарын айдаудағы тәртіптілік осы факторға тікелей тәуелді",- деді М.Мырзаханов. Оның айтуынша, 2006-жылы көлік құралдарын айдау тәжірибесі 1 жылға дейінгі жүргізушілер 146 жол апатына кінәлі болса, үш жылға дейінгі тәжірибесі барлар 153 жол апатына себеп болған.

Жол полициясының ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында 296 жол апаты тіркеліп, одан 74 адам қаза тауып, 335-і жараланды. Сонымен бірге, апаттардың саны өткен жылғымен салыстырғанда 19,4%-ке, қаза тапқандар 76,2%-ке, жараланғандар 20,9%-ке артты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны