14.05.2007, 14:48 2853

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері табиғатты қорғау заңын бұзғаны үшін 15 қылмыстық іс қозғалған

СЕМЕЙ. 14 - мамыр. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері табиғатты қорғау заңын бұзғаны үшін 15 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 7 қылмыстық іс "заңсыз аң аулау" бабы бойынша, 8 - "ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу" бабы бойынша қозғалған. Жыл басынан бері сотқа 9 іс жолданған. 2007 жылдың 4 айында заңсыз ауланған 1650 кг балық, ұзындығы 65 шақырымнан асып жығылатын 689 тор тәркіленген.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің хабарлауынша, браконьерлікпен белсенді күресу үшін Зайсан, Бесқарағай, Көкпекті ішкі істер бөлімдері мен Риддер ҚІББ-де төрт табиғатты қорғау және мал дәрігерлік полиция бөлімшесі құрылған. 4 ай ішінде осы төрт бөлімше 356 рейдтік іс-шара жүргізіп, 2173 заң бұзушылықтарды анықтаған. Нәтижесінде 2045 әкімшілік хаттама қозғлып, 1 млн-нан астам теңге айыппұл салынған, олардың 859 066 теңгесі төленген. 147 221 теңге көлемінде шығын өтелді.

Ағаштарды заңсыз кесу мен оларды заңсыз тасымалдауға жол бермеу мақсатында үстіміздегі жылы 145 рейдтік іс-шара жүргізіліп, ағаштарды заңсыз тасуға байланысты 3 оқиға, сонымен қатар ағаштарды заңсыз кесуге қатысты 38 дерек анықталған. 24 заң бұзушы әкімшілік жауапқа тартылып, оларға 304 460 теңге айыппұл салынған. Бесқарағай АІІБ табиғатты қорғау және мал дәрігерлік полициясының қызметкерлері заңсыз өңделген 856 текше метр ағаш пен ағаш материалдарын тәркілеп, орман шаруашылығына қайтарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны