02.03.2007, 14:21 3109

Шығыс Қазақстан облысындағы қатты желден зардап шеккен аудандардағы электр қамтамасыздығы қалпына келтірілді

АСТАНА. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысындағы қатты желден зардап шеккен аудандардағы электр қамтамасыздығы қалпына келтірілді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлады.

Бұрындары хабарлағанымыздай, 25-нен 26-шы ақпанға қараған түні соққан қатты желдің салдарынан (желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жеткен) облыс аудандарындағы 29 подстанция апаттық жағдайда тоқтан ажыратылған.

Апат салдарынан 12 609 тұтынушы жарықсыз қалған, яғни: Абай ауданында (101 тұтынушы), Аягөз (3 147), Бесқарағай (150), Бородулиха (918), Глубоковский (853), Жарма (588), Қатон-Қарағай (1205), Күршім (187) және Шемонаиха (1784) аудандарында, сонымен қатар Риддер қаласы (3519) және Семей өңірі (157).

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 1-наурыздың 18 сағатындағы жағдай бойынша жарық толық жіберілді. Апат салдарын жоюға құрамында 150 адам бар Шығыс Қазақстан аймақтық электр компаниясының 53 жөндеу-қалпына келтіру бригадасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны