29.04.2015, 09:13 4279

Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Ауа температурасыныӊ жоғары болуына, қардыӊ тез еруіне және жауын-шашынға байланысты Шығыс Қазақстан облысыныӊ өзендері мен су айдындарында су деӊгейі көтерілуде. Су тасқыны қаупі бар өӊірлерде адамдарды алдын ала эвакуациялау жүргізілуде

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Ауа температурасыныӊ жоғары болуына, қардыӊ тез еруіне және жауын-шашынға байланысты Шығыс Қазақстан облысыныӊ өзендері мен су айдындарында су деӊгейі көтерілуде. Су тасқыны қаупі бар өӊірлерде адамдарды алдын ала эвакуациялау жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұқтарма өзеніӊде су деӊгейініӊ көтерілуіне байланысты 2015 жылғы 27 сәуірде Зырян ауданындағы елді мекендердіӊ тұрғындары эвакуацияланды. Малеевск к., Зубовск к., Быково а., Парыгино а., Снегирево а. 849 тұрғыны, оныӊ ішінде 181 бала, эвакуациялау бекеттерінде және туысқандарыныӊ үйлеріне орналастырылды. Сонымен қатар қауіпсіз жерге 241 үй жануары және 395 құс шығарылды. Жұмыстарда ІІМ бөлімшелерден, жергілікті атқару органдардан және тартылған ұйымдардан 218 адам, 44 бірлік техника және 9 жүзу құралы жұмылдырылды. Зырянов кентінде 148 тұрғын үйді, Малеевск кентінде 120 үйді, Снегирево ауылында 60 үйді, Парыгино ауылында 20 үйді, Баяновск ауылында 1 үйді өзенніӊ көтерілген суы басты.

Хамир өзені тасыған Путинцево ауылында да адамдар эвакуацияланды. 112 тұрғын, оныӊ ішінде 29 бала, жергілікті мектеп ғимаратында және туысқандарыныӊ үйлеріне орналастырылды. 8 су басқан үйдіӊ қораларынан 35 үй жануары және 109 құс айдап шығарылды. Оқиға орнында ШҚО ТЖ департаментінен, жергілікті атқарушы органдардан, аудандық ішкі істер бөлімінен және тартылған ұйымдардан 54 адам, 12 бірлік техника және 1 қайық жұмыс істеуде.

Глубокое ауданындағы Жаӊа Үлбі кентінде бекеттер тұрғызылды, Үлбі өзенініӊ су деӊгейіне бақылау жүргізілуде. Кентте орналасқан көпірге келетін жолдардыӊ су басуынан құтқарушылар тұрғындарды өзенніӊ екі жағасынан өткізуін ұйымдастырды. Елді мекенде ШҚО ТЖД және жергілікті атқару органдарынан 40 адам, 8 бірлік көлік, 2 қайық және мотопомпа жұмыс істеуде.

Күршім ауданында құтқарушылар Бурабай ауылыныӊ 86 тұрғынын алдын ала эвакуациялады. 153 ірі және ұсақ мал қауіпсіз жерге айдап шығарылды.

Барлық жерде жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде, бақылау бекеттері қойылды, су деӊгейі бақылауда.

"Қазгидромет" РМК берген дауылды алдын ала ескертуге сәйкес Шығыс Қазақстан облысыныӊ өзендеріндегі судыӊ көтерілуі, тасуы және су басу 30 сәуірге дейін жалғасады.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны