30.04.2015, 21:49 7384

Шығыс Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеӊестіӊ отырысы

Өскемен қаласында Т.Жұмағұловтыӊ төралығымен Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігініӊ Шығыс Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеӊесініӊ отырысы өтті

Өскемен. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Өскемен қаласында Т.Жұмағұловтыӊ төралығымен Қазақстан Республикасыныӊ мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігініӊ Шығыс Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеӊесініӊ отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Облыстық прокуратураныӊ ұсынысы бойынша Семей қаласы әкімдігініӊ бірқатар бөлім басшыларына қатысты тәртіптік істер қозғалды. Семей қаласы әкімі аппаратыныӊ қаржы және шарушылық бөлімініӊ басшысы А.Сүйшінов пен Семей қаласы жер қатынастары бөлімі басшысыныӊ орынбасары К.Сейілханов жер телімдерін бөлу комиссиясыныӊ құрамында бірқатар заӊбұзушылықтарға жол берген. Прокуратура органдары мен ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен біріккен тексерулер кезінде аукционсыз жер телімдерін бөлу фактілері анықталған.

"Семей қаласында жүйелі түрде жер телімдерін бөлу мәселелерінде заӊбұзушылықтарға жол беріледі. Қала тұрғындары мен кәсіпкерлер шағымданады. Бұл мәселені біз осында бірнеше мәрте қарастырдық. Енді нақты шешімдер қабылдау керек" - деп облыс прокурорыныӊ орынбасары Н.Бижанов атап өтті.

Тәртіптік кеӊес өз шешімінде А.Сүйшінов пен К.Сейілхановты атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсыныс жасады.

Сонымен қатар, Бесқарағай ауданы Канонерка ауылдық округініӊ әкімі Н.Беленкованыӊ мемлекеттік сатып алу заӊнамасында заӊбұзушылыққа жол беру фактісі бойынша тәртіптік ісі қаралды. Аталған лауазымды тұлға саябақты абаттандыру жұмыстарын толықтай бітірмеген мердігердіӊ есеп-шотына толық қөлемде қаржыны аударған. Қазіргі таӊда мердігер тарапынан барлық міндеттер толықтай орындалған. Мемлекетке зиян келмегендігін ескере отырып Кеӊес Н.Беленкованы "лауазымын төмендету" немесе төмен лауазымды бос орын болмаған жағдайда "толықтай қызметіне сай еместігін ескерту" түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны