01.03.2007, 18:29 3142

Шығыс Қазақстан облысындағы тікұшақтың апаттық жағдайда қонуының себебі 9-наурыздан кейін ғана белгілі болады - арнайы комиссия

СЕМЕЙ. 1-наурыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында арнайы комиссия Ми-2 тікұшағының апаттық жағдайда қонуының себебін наурыздың бірінші онкүндігінің аяғына дейін анықтауға үмітті. Бұл туралы арнайы комиссияның төрағасы, Мемлекеттік ұшу қауіпсіздігін қадағалау басқармасының Азаматтық авиация комитетінің бас маманы Сайлау Абуов хабарлады.

"Оқиғаның нақты себебі комиссияның осы жылдың 9-наурызына дейін созылатын жұмысы аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады",- деп хабарлады комиссияның төрағасы. Оның құрамына, сондай-ақ, Қазаэронавигация өкілдері, ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі инспекторлар кірген.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Өскемен - Павлодар - Ақтөбе бағытына бет алған Ми-2 тікұшағы Ақтөбедегі авиациялық жөндеу зауытына қозғалтқышына күрделі жөндеу жасату үшін ұшып шыққан. Тікұшақ бортында бір ұшқыш болған.

Қазіргі уақытта маман-механиктер жарамсыз қозғалтқышты ауыстыруда. Осыдан кейін тікұшақ Өскеменге тұрақты орналасқан орнына ұшып барады.

Бұрын хабарлағанымыздай, сәрсенбі күні кешке Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданының Семеновка аулының жанар-жағармай бекетінің маңына Өскемен коммуналдық мемлекеттік қазына кәсіпорынының Ми-2 тікұшағы апаттық жағдайда қонған. Тікұшақтың қозғалтқышы істен шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны