16.08.2006, 18:03 2888

Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде жеті айда сотталған 40 адам қайтыс болды

СЕМЕЙ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде жеті айда сотталған 40 адам қайтыс болды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Хаким Күшқалиев пен абақты қызметкерлерінің кездесуінде 156/15 түзету мекемесі бастығының орынбасары Мұхтарғазы Төлеутаев құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, облыстағы түзету мекемелерінде сотталғандар арасындағы өлім көрсеткіші көбейе түскен. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың жеті айында Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мекемелерінде 40 адам, 2005-жылдың 12 айында 38 адам қайтыс болған. "Сотталғандардың 60 проценті стационарларда, 40 проценті түзету мекемелерінде қайтыс болған",- деді түзету мекемесі басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, сотталғандардың басым бөлігі құрт ауруы мен жүрек ұстамасына дейін түрлі аурулардан көз жұмады. "Сотталғандардың ауруын бастапқы сатыларда айқындауға бізде медициналық жабдықтар жетіспейді. Мәселен, Жалғызтөбе абақтысы мен Өскемендегі құрт ауруы ауруханасына электрокардиограф пен диагностикалық жабдықтар қажет",- деді М.Төлеутаев.

Алайда, қамаудағылар тек аурулардан ғана жан тапсырмайды, деді ол.

Оның айтуынша, облыстағы түзету мекемелерінде ағымдағы жылдың 7 айында сотталған 11 адам суық қару қолданылған төбелес кезінде қаза тапқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны