17.10.2007, 18:59 2858

Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңаүлгі аулында жаңа мектеп ашылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңаүлгі аулында жаңа мектеп ашылды.

Өскемен. 17-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңаүлгі аулында жаңа мектеп ашылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "жаңаүлгіліктер мектептің жаңа ғимаратының ашылуын үш жыл бойы күткен".

Агенттік тілшісінің хабарлауынша, жаңа екі қабатты мектеп 90 оқушыға есептелген. Кластар жаңа жиһаздармен жабдықталған, оқу құрылғылары заманауи стандарттарға сай сатып алынған. Сонымен қатар, оқу орнында 12 компьютер бар, ал бұрын небәрі екеу ғана болған. Мектептің сондай-ақ тігін шеберханасы алты жаңа тігін машинасымен жабдықталған.

Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі қатысты. Облыс әкімі оқу орнына түрлі-түсті теледидар сыйлай отырып, "2008 жылы Ұрыл мектебінің құрылысы басталатындығын, Черновинск орта мектебін салу үшін қажетті құжаттардың рәсімделіп жатқанын хабарлады".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны